Алматыда авторлық құқық бойынша семинар өтеді - Мәдени орталықтар|08 Қаңтар 2018, 16:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда авторлық құқық бойынша семинар өтеді

2018 жылғы 15 қаңтар күні сағат 16.00 де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі «Әсем Әлем» Өнер академиясының аясында, Қазақстандағы авторлық құқық бойынша семинарлар топтамасын бастайды. Семинардың тақырыбы: «Авторлық құқық - мәдени-кәсіпкерлік негізі». Дәріс оқушы – заң ғылымдарының кандидаты Темірлан Болатұлы Төлегенов. Семинарлар айына бір рет бірнеше ай көлемінде өтетін болады.

Қазақстанның әлемдік мәдени және іскерлік қоғамдастыққа кіруі іскерлікті жүргізудің әлемдік тәжірибесін, соның ішінде, авторлық құқық немесе зияткерлік меншік құқығы туралы мәселе көтерілетін өнер саласында да енгізу болып табылады. Неге сіз авторлық құқық туралы заңды білмесеңіз, аз ақша табасыз? Неге туындыны сатып алған кезде авторлық құқықтар арнайы келісім жасалмаса, сатып алушыға берілмейді? Құқықтарды беруді қалай рәсімдеу керек? Шығармашылық адамдардың құқықтары қандай? Сіз осы және басқа да авторлық құқықпен байланысты маңызды сұрақтарға жауап алатын боласыз.

Темірлан Төлегенов «ОРТ-Казахстан», «31 канал» және «Астана», «Қазақфильм» киностудиясында авторлық құқық бойынша кеңесші болып қызмет атқарды. Қазақстанның Антипираттық ұйымын (КАЗАСП) басқарды. «Абырой» Авторлық қоғамының авторлық кеңесінің төрағасы болды. «Авторлық құқық негіздері» пәнінен Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясы мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында сабақ берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер