Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған көрме ашылады - Мәдени орталықтар|22 Желтоқсан 2017, 14:36
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған көрме ашылады

27 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған көрменің ашылуы және көркемсуретті альбомының таныстырылымы болады.

Көрмеге суретшінің Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ қорынан, отбасылық және жеке коллекциядан алынған 80-нен астам кескіндемелік және графикалық жұмыстары қойылады.

Айша Ғалымбаева ұлттық мәдениет тарихына қазақ әйелдері арасында тұңғыш кәсіби суретші ретінде кірді. 1939 жылы Айша Ғалымбаева Алматы театр-көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, онда А. Черкасский мен Л. Леонтьевтен дәріс алды. 1949 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет-безендіру факультетін аяқтаған соң, Алматы көркемсуретті және хроникалық фильмдер киностудиясында жұмыс істеді. А. Ғалымбаева өмірінің көп бөлігін қондырғылы кескіндемеге арнады. Оның колорист ретіндегі тамаша таланты және рухы мен көркемдік орындалу тәсілі ұлттық жарқын да көркем образдарды жасау қабілеті нақ осы арада толығымен ашылды. Айша Ғалымбаеваның туындылары бүгінде ұлттық бейнелеу өнерінің классикасына айналуы заңды деп білеміз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер