BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

С.Рахымбекова: Жасыл технологияларды қолдану кезінде органикалық өнім өндіру тиімді

 Астана. 26 қараша. BAQ.kz – Бүгін «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Колаициясы» ЗТБ Астана қалаласындағы Еуропадағы Қауыпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы бағдарламалар Кеңсесі, Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігі, G-Global Халықаралық хатшылығының қолдауымен «Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылығын дамытудағы бастамаларды қолдау» атты дөңгелек үстел өткізіп жатыр. 

«Қазіргі таңда бұл сұрақ «Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылығын дамытудағы бастамаларды қолдау» Заңына қол қою, ЭКСПО-2017 дайындық, ДСҰ ға кіру және Жасыл Көпір Серіктестік Бағдарламасының басталуы аясында өзекті мәселе болып тұр. Бүгінгі күні органикалық ауылшаруашылық әлемнің 160 мемлекетінде қолданылуда. 84 мемлекетте органикалық егіншілік туралы заңдары бар болса, ондаған мемлекеттерде заң жобалары қарастырылуда. Экономистердің бағалары бойынша, органикалық ауылшаруашылық саласындағы жыл сайынғы айналым 85-90 миллиард долларды құраса, 2020 жылға дейін бұл көрсеткіш 200-250 миллиард долларды құрайтын болады», - дейді «Жасыл» экономика мен G-Global дамуы үшін коалициясы» Заңды тұлғалар ұйымы басқармасының төрайымы Салтанат Рахымбекова.
«Біздің мемлекетімізде бидай, күріш және соя өсіруге арналған сертификатталған эко кәсіпорындар 133 мың гектар жерді қолданатындары белгілі. Қостанай облысында «Органикалық егіншілік Ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымы құрылды. Оның қатысушылары ұн, жарма, сұйық май, кондитерлік өнімдер, органикалық жүзім шараптарын, нан өнімдерін өндіреді. Сонымен қатар, республикада сертификатталған органикалық мал шаруашалағы да бар. Жасыл технологияларды қолдану жағдайларында органикалық өнім өндіру тиімдірек және әлем нарығында жоғарғы деңгейдегі бәсекелестіктің жоқтығы. Сонымен қатар, сертификатталған органикалық өнімдердің бағалары бірнеше есе жоғары», - дейді ол.
Айта кетейік, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ халықаралық серіктестіктерінің қолдауымен 2014 және 2015 жылдар аралығында 3000 ауылдық тұрғындарды жасыл технологияны өсімдік өсіруде қолдануға үйретті. 

Бек ТӨЛЕУОВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер