Конституциялық реформалар тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған – Ералы Тоғжанов - Конституциялық реформа|10 Наурыз 2017, 19:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Конституциялық реформалар тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған – Ералы Тоғжанов

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы бастамасы тәуелсіздіктің негіздерін нығайтуға бағытталып отыр. Бұл туралы Алматыдағы Достық үйінде өткен ҚХА-ның ҚР Конституциялық реформаны қолдауға арналған жұмыс отырысында аталмыш ұйым төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Жұмыс тобының отырысына ҚХА төрағасының орынбасары Леонид Питаленко, ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жастар ұйымдары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесі мен зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктері басшылары қатысты.

Шара барысында Ералы Тоғжанов Ата заңға енгізілген өзгерістер бойынша бүкілхалықтық талқылауға түскендігін атап өтті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы бастамасымен жүргізілген конституциялық реформа өз мәресіне жетті. Құрамына Парламенттің, Үкіметтің, Жоғары Соттың өкілдері, танымал заңгер ғалымдар мен мамандар енген арнайы жұмыс тобы әзірлеген «ҚР Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бір ай бойы бүкілхалықтық талқылауға шығарылды. Ата заңдағы реформаларды талқылауға Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық құрылымдары, этномәдени бірлестіктер белсенді түрде қатысты», - деді ол.

Сонымен қатар Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары елімізде жүргізілген конституциялық реформалар тәуелсіздікті нығайта түсетіндігін тілге тиек етті.

«Конституциялық реформалар біріншіден, тәуелсіздіктің негіздерін нығайтуға, екіншіден, демократияны әрі қарай ілгерілеуге, үшіншіден, қуатты құқықтық мемлекет құруды жалғастыруға бағытталған. Осы мақсатта мемлекеттік билік органдарының арасындағы өкілеттіктер қайта бөлініп, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдері, сот жүйесі мен прокуратура органдары жетілдірілді. Бұл Қазақстандағы демократиялық процестерді жалғастыруға тың серпін беретініне сеніміміз мол», - деп түйіндеді сөзін Ералы Тоғжанов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер