BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбылдық жастар «Азаматтық бақылауға» кірісті

«Жас Отан» Жастар қанатының Жамбыл облыстық филиалы әлеуметтің жүгін көтерер «Азаматтық бақылау» деген жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әлеуметтік тапсырысы бойынша қолға алынып отыр. Қазірдің өзінде халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығында «қоғамдық қабылдау» бөлмелері ашылды.

Облыс тұрғындарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалар аясында кеңестер беріліп, тиісінше көмек көрсетілді.

Нақтырақ айтсақ, жоба шеңберінде облыс аумағындағы 2000-нан аса тұрғынға түрлі кеңестер берілген. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 3000-дай мемлекеттік қызметтерді көрсететінін ескерсек, қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылғаны сыбайлас жемқорлық фактілерінің азаюына бірден-бір себеп.

Сонымен қатар, «Азаматтық бақылаудың» аясында «Жасырын сатып алушы», «Таза сессия», «Парасыз болашаққа» акцияларымен Жамбыл облысындағы барлық мемлекеттік мекемелер, емханалар, оқу орындары және жекеменшік мекемелерінде кездесу, семинарлар өткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер