Жамбылда медицина мекемелерінің 97% компьютермен қамтылған  - Аймақ|25 Қазан 2018, 18:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбылда медицина мекемелерінің 97% компьютермен қамтылған 

Тараз, BAQ.KZ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов мәлімдеді.

«Бүгінгі күні облыста медицина қызметкерлерінің 5 260 жұмыс орны болса, соның 4 999 компьютерлермен жабдықталған. Бұл 97% құрайды. Компьютерлік техникамен жабдықтауды 100% жеткізу мақсатында облыстық бюджеттен 1 013 компьютер сатып алу үшін 152 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 880 дана компьютер техникасы сатып алынған», - деді басқарма өкілі.

Мырзақасымовтың айтуынша, облыста медицина мекемелерін интернет желісіне қосу бойынша жұмыстар да қарқынды қолға алынуда.

«Тараз қаласы мен аудан орталықтарындағы 398 мекеменің 364 интернет желісіне қосылған. Бұл интернетпен қамтудың 92% құрайды. Әзірше, 34 интернетке қосылмай тұр», - деген басқарма басшысының өкілі бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатанын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер