BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Жамбыл облысының тұрғыны үш қап марихуанамен ұсталды

Жамбыл облысында «Көкнар-2018» шұғыл-профилактикалық шаралары барысында 38 жастағы жергілікті тұрғын 40 кг марихуанамен ұсталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Меркі ауданы құмды аймағының 23-шақырымында Жамбыл облысы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері 38 жастағы азаматты ұстады. Бұрын сотталмаған. Осы ауданның тұрғыны. Ұсталған азаматтан үш қап - барлығы 38,8 кг марихуана тәркіленді», - деп хабарлады полиция.

Ұсталған адам қылмысын мойындады және Меркі ауданы ІІБ уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер