BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбыл облысында 40 кг есірткі тәркіленді

Фото: облыстық ІІД баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ. Жамбыл облысында «Көкнәр-2018» жедел іздестіру іс-шарасы барысында екі тұрғыннан үлкен көлемде есірткі тәркіленді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылдың 13 қазанында Меркі және Т.Рысқұлов аудандары аралық Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдері мен Меркі АІІБ Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен «Көкнәр-2018» жедел іздестіру іс-шарасы барысында Меркі ауданынан ҚР ҚК 259-бабы бойынша бұрын сотталған 57 жастағы Тараз қаласының және 24 жастағы Шу қаласының тұрғындары ұсталды.

Оқиға орнын қарау барысында екі полипропилен қабына қапталған жалпы салмағы 40 кг аса «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді.

Күдіктілер кінәсін толық мойындап, Меркі АІІБ-ның уақытша қамақта ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 296-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер