«Whats App» арқылы терроризмді насихаттайтын видео таратқан шымкенттік сотталды - Аймақ|27 Қаңтар 2018, 10:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Whats App» арқылы терроризмді насихаттайтын видео таратқан шымкенттік сотталды

Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты терроризмді насихаттаған ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Сот айыпталушы Шымкент тұрғынын жариялы түрде терроризм мазмұнындағы материалдарды таратқаны үшін кінәлі деп таныды. Айыпталушы Д.Я. «Whats App» әлеуметтік желісі арқылы «Муслим Ва Муслималар» атты топқа мүше болып, «Ал-Ихван аль-Муслимун» халықаралық террористік ұйымының көзқарастарына жататын терроризмді насихаттайтын видеоматериалдарды «Муслим Ва Муслималар» әлеуметтік тобының мүшелеріне таратқан. Тексеру кезінде сотталушы Д.Я.-ның іс-әрекетінің қоғамға қауіп төндіргені анықталды. Сот шешімі бойынша айыпталушы Қазақстан Республикасы ҚК 256-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп жазылған соттың хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер