Фото: Автор
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкент қаласының Абай ауданы әкімдігі 16-17 желтоқсан – Тәуелсіздік күні қарсаңында бүлдіршіндерге сый жасады. Әкімдіктің ұйымдастыруымен жомарт азаматтар мұқтаж отбасының балаларына киім-кешек үлестірді. Жергілікті саз колледжі ұжымымен бірлесіп, концерттік бағдарлама қойылды.
Абай ауданының әкімі Бұқарбай Пармановтың айтуынша, ұлық мерекеге орай өткізілген қайырымдылық шарасына жаны жомарт кәсіпкерлер көмек қолын созыпты. Аудан әкімі ұйымдастырылған шараға қатысты пікір білдірді.
"Тәуелсіздік күні – қазақ халқы күшін үлкен ерекше мереке. Бабаларымыз аңсаған арманына қол жеткізді. Әрбір қазақстандық тәуелсіздіктің қадірін түсінеді. Біз Тәуелсіздікті қастерлеуіміз керек. Бұл үшін әрбіріміз мемлекетіміздің дамып, көркейіп, гүлдене беруіне үлесімізді қосып, талмай еңбек етіп, тер төгіп, атсалысуымыз шарт. Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күні мерекемесіне құттықтаймын",-дейді аудан әкімі Б. Парманов.
Салтанатты іс-шара барысында аудан басшысы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарды және әрдайым қайырымдылық іс-шараларынан шет қалмайтын кәсіпкерлерді марапаттады.
Фотолар: автор
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!