BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

ШҚО: Биыл аңшылар 320 қасқыр атып алды

Астана, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар әлемін қорғау бөлімі берген мәліметке сүйенсек, жыл сайын аймақта жыртқыш аңдардың санын реттеу бойынша шаралар жүргізіледі. Биыл 320 қасқыр атып алынған.

Аltaynews.kz сайтының мәліметінше облыс бойынша жалпы қасқырдың саны – 1038. Бұл – 2017 жылы тіркелген көрсеткіш. Соңғы үш жылда қасқырдың саны тұрақты, 1200-ден аспаған. ҚР Білім және ғылыми министрлігінің Зоология Институтының ұсысына сәйкес, жалпы популяциядан 50 пайызын атып алу қажет екен.

Қасқыр аулауға жылдың кез келген мезгілінде шығуға болады. Оларды атып алудың бірнеше әдіс-тәсілдері де бар. Арнайы рұқсат алудың қажеті жоқ.

Қасқырды ату науқанында жергілікті бюджеттен жыл сайын сыйақы бөлініп отырады: ересек қасқыр үшін – 12000 теңге, бөлтірік үшін – 6000 теңге мөлшерінде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер