BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ШҚО әкімдігі Семей облыс орталығы болады деген сыбысты жоққа шығарды

Фото: ssmu.kz

Әлеуметтік желі мен WhatsApp мессенджерінде Өскемен жабық қалаға айналып, Семей қаласы облыс орталығы болады деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жұрт ШҚО-дағы мұндай өзгерістерді Өскемен қаласында төмен байытылған уран банкі құрылатынымен байланыстырып отыр. Облыс әкімдігі бұл мәліметтерге ресми жауап қайтарды.

«Өскемен мен Семей қалаларының мәртебесіне қатысты ақпараттар шындыққа жанаспайды», - деді ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Жеңісов.

Сонымен қатар водомство өкілдері мұндай қауесет тарату қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын еске салып өтті.

Әлеуметтік желі немесе мобильді қосымшалар арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін бес мың АЕК (11 миллион 345 мың теңге) айыппұл салынады немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер