BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірі өртенді

Фото: kk.tvk-uko.kz

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірі отқа оранды. Оқиға 29 қыркүйек күні түнгі сағат 3-тер шамасында болған. Өрт Республика даңғылының бойындағы демалыс орындарының бірінен шыққан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Тілсіз жауды ауыздықтауға өртке қарсы қызметтің 12 техникасы мен жеке құрамның 55 қызметкері жұмылдырылған. Соның нәтижесінде тұтанған өртті таңғы сағат 5-те толық өшірген.

Абырой болғанда, тілсіз жау өзге ғимараттарға өтіп үлгермеген. Сондай-ақ бұл уақытта клубта демалушылар болмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себеп-салдары тексеріліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер