BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шымкентте алты басқарманың басшысы тағайындалды

Фото: автор

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде бірқатар тағайындау болды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов әкімдік жиналысында жаңадан құрылған алты басқарманың басшыларын және тағы бірқатар лауазым иелерін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Асылбекова Гүлнұр Нұрбекқызы тағайындалды. Гүлнұр Нұрбекқызы облыстық қаржы, экономика және облыс әкімі аппаратында қызмет атқарды. Соңғы қызметі Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Мырзатаев Шалқар Бауыржанұлы тағайындалды.

Шалқар Бауыржанұлы, Шымкент қаласы әкімінің Астанадағы өкілі болып қызмет атқарады.

Фото: автор

Катаев Нұржан Жолымбекұлы «Ордабасы» футбол клубының президенті қызметіне тағайындалды. Нұржан Жолымбекұлы бірнеше рет Азия және Республика чемпионы атанған, Республикаға Еңбегі сіңген бапкер.

Сонымен қатар, бірқатар басқарма басшылары тағайындалды:

- жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып Агибаев Жәнібек Есенұлы тағайындалды. Бұған дейін Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған;

Фото: автор

- энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Аманқұлов Нұрлан Әмірбекұлы тағайындалды. Бұған дейін Қостанай облысында аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған;

Фото: автор

- мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы болып Дүйсенов Берік Тастанбекұлы тағайындалды. Бұған дейін Түркістан облысының осындай басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған;

Фото: автор

- білім басқармасы басқармасының басшысы болып Абылайхан Ақерке тағайындалды. Бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған;

Фото: автор

- ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы лауазымына Қаныбеков Асқар Сәкенұлы тағайындалды. Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде департамент директорының орынбасары қызметін атқарған;

Фото: автор

- отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Қалтаев Жандос Тулембекұлы тағайындалды. Бұған дейін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында қызметін атқарған.

Фото: автор

Шымкент қаласы әкімі аппаратының Қазақстан Халықтары Ассамблея хатшылығының басшысы қызметіне Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы тағайындалды. Соңғы 4 жыл бойы Түркістан облысы әкімі аппаратының Қазақстан Халықтары Ассамблея хатшылығының басшысы қызметін атқарған.

Жаңа қызметке ие болған азаматтарды таныстырған әкім Ғабидолла Әбдірахымов “Сіздерге үлкен сенім және жауапкершілік артылғанын ескертемін” деп, сөзін қорытындылады.

Еске салсақ бұған дейін Шымкентте бірқатар басқарманың басшылары тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер