BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шығыс Қазақстанда электр қуатының бағасы арзандайды

Фото: Liter.kz

Астана, BAQ.KZ. Келесі аптадан бастап Шығыс Қазақстан облысында электр қуаты 6-15 пайызға арзандайды. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Коммуналдық қызметтердің тарифтері мен алғашқы қажеттілікке жататын тауарлардың бағасын төмендету туралы мәселе ШҚО Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында көтерілді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Қайрат Оразбаев алдағы жылы электр қуатының босату бағасы төмендеп, жыл көлемінде адамдарға артық төленген қаржы қайтарылатынын айтып отыр. Бұл өзгерістер Елбасының тапсырмасымен енгізілді. Естеріңізге сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде монополистердің қызметін сынға алған еді.

«Ағымдағы жылы қарашаның 20-нан бастап түбіртектерде төмен баға көрсетіледі», - деді Қайрат Оразбаев.

Сондай-ақ, департамент басшысы прокурорлық тексеру барысында аймақтағы «Шығысэнерготрейд» және ШҚ АЭК монополист компаниялардың тарапынан жіберілген бұзушылықтардың анықталғаны туралы да айтып өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер