BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Семей биылғы қыстан қысылмай шығады

Фото: reform.energy

Астана, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы әкімі Семей қаласындағы РК-3 қазандығын аралады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Қала әкімі Ермак Сәлімовтың айтуынша, Семейдегі барлық жылу қазандықтары қысқа толығымен дайын. Көмір жеткілікті. РК-3 қазандығы қаланың Затон, Силикат аудандарын жылумен қамтиды.

«Жылукоммунэнерго» мекемесіне қарайтын РК-3 қазандығының басшысы Расилхан Жолдасовтың айтуынша, бұған қарасты 85 көппәтерлі тұрғын үй мен 10 әлемуеттік нысан бар. 15 қазаннан бастап Семейдегі білім беру нысандары мен денсаулық сақтау мекемелері, техникалық құжаттары дайын тұрғын үйлер бірден жылуға қосылды.

Бұл енді семейліктер үшін бұрын-соңды болмаған керемет жаңалықтың бірі. Жеке автономды қазандықтары бар балабақшалар, мектеп, ауруханалар да назардан тыс қалмақ емес. Оларға да жылу уақтылы берілу үшін көмір жеткізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер