Сәтбаевта кеншілер жалақыны көтеруді талап етуде - Аймақ|30 Қараша 2017, 16:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сәтбаевта кеншілер жалақыны көтеруді талап етуде

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясының кеншілері еңбекақыларын көтеруді талап етіп митинге шыққан, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Жезқазған іргесіндегі Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясының жұмысшылары компанияның әкімшілік ғимаратының территориясына жиналған. Олар басшылықтан жалақыларын көтеріуді, сондай-ақ еңбек жағдайын жақсартуды сұраған.

«Жалақыны 70 пайызға көтеруді сұраймыз. Ал, еңбек өтілі 20 жылдан асатын жұмысшылар жалақыдан төленетін зейнетақы төлемін 30 пайызға көтеруді талап етеді. Сонымен қатар демалу-сауықтыру санаторийі жұмысшыларға тегін болу керек деп есептейміз», - дейді «Қазақмыс» корпорациясының кеншісі Айдар Асылов.

Митингке шыққан жұмысшылар сондай-ақ колледжде білім алушылар диплом алғаннан кейін жұмысқа тұра алатыны жайлы келісімшарт жасалғанын сұрайды.

Қарағанды облысы әкімдігі аталған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады. Облыс әкімі баспасөз қызметінің xабарлауынша жағдай атқарушы билік органдарының бақылауында.

«30 желтоқсан күні Оңтүстік-Жезқазған кеніші қызметкерлері мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің басшылығы арасында еңбек дауы орын алды. Облыс әкімдігінің, Сатбаев қаласы әкімдігі мен компания басшылығының өкілдері оқиға орнында. Келіссөз процесі жүргізіліп жатыр. Ресми мәлімдеме келіссөздер аяқталғаннан кейін жасалатын болады», - деді Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Әлия Сыздықова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер