BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Прокуратура мен пробация үйлерін бір орталыққа шоғырландыру қолға алынды

Шымкент, BAQ.KZ. Бас прокуратураның «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасы аясында Шымкент қаласының прокуратурасы мен пробация үйлерін бір орталыққа шоғырландыру бастамасы қолға алынды.

Нәтижесінде 2018 жылдың 14 желтоқсанында Шымкент қаласы Бәйтереков көшесінде орналасқан Пробация орталығы ашылды.

Бұл орталықтың өзге пробация үйлерінен артықшылығы, жұмыспен қамту орталығының, денсаулық сақтау және білім беру саласының, сондай-ақ психолог және социолог мамандар бір орталықта қызмет көрсетеді.

Қабылдауды «бір терезе» қағидасы негізінде жүргізудің нәтижесінде есепте тұрған тұлғаларға көрсетілетін қызметтер 4-5 күннен 1-2 сағатқа дейін қысқартылған.

Шараға қала әкімі, қала прокуроры және Шымкент қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылары қатысты.

Қала прокуроры өз сөзінде, пробациялық есепте тұрған 1134 адамға - психологиялық, 63 адамға - құқықтық, оның ішінде 35-іне жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінген квота бойынша жұмысқа орналасу үшін құжат дайындауға көмек көрсетілгенін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер