BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Петропавлдағы Құқық қорғау қызметтері орталығы бір жылда 2150 тұлғаға қызмет көрсетті

Астана, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің басшылығы Петропавлдағы Құқық қорғау қызметтер орталығына оң баға берді.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс іс-сапар аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О.А. Бектенов Құқық қорғау қызметтері орталығына барды.

Орталық 2017 жылы Тұңғыш Президент күнін мерекелеу қарсаңында ашылып, жыл ішінде 2150 астам тұлғаға консультативтік және тәжірибелік көмек көрсетті. Прокурорлар азаматтарға барлық құқықтық мәселелер бойынша көмектесуге дайын. Сонымен қатар, Орталықта медиаторлар, адвокаттар, психолог қабылдау жүргізеді, сондай-ақ, көзделген кәмелетке толмағандарға құқықтық көмек көрсету үшін арнайы үй-жай көзделген.

Олжас Абайұлы азаматтар үшін жайлы заманауи жағдайлар жасалғанын белгіледі, бұл - кең күту залы, «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, балалар ойын алаңы.

Азаматтардың сенімін арттыру, қоғам мен мемлекеттік билік органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, жеке және заңды тұлғалар өтініштерін сапалы және жүйелі қарауын қамтамасыз ету – Құқық қорғау қызметтер орталығының негізгі мақсаты болып табылады. Ал әрбір өтініш білдірушіде төрешілдік пен әкімшілік тосқауылдарсыз білікті көмек алудың кепілі бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер