BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда жалпы өңірлік өнім көлемі 4,2% өсті 

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының жалпы өңірлік өнімінің көлемі 4,2%-ға өсті. Бұл туралы өңір басшысы Болат Боқауов Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өңірдің 2018 жылдың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебінде мәлімдеді.

«Барлық сала бойынша өңірдің динамикасы оң нәтиже көрсетіп отыр. Бірінші жарты жылдықта Павлодар облысының жалпы өңірлік өнімінің көлемі 4,2%-ға өсті. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша Павлодар облысы республика бойынша соңғы бес жыл бойы алтыншы орында келеді. Өңір экономикасының негізін тұрғындардың төрттен бірі жұмыс істейтін өнеркәсіп саласы құрайды және бұл сала ЖӨӨ-нің жартысын қамтып отыр. Өнеркәсіпте мыңнан астам кәсіпорындар тұрақты жұмыс істейді. Жыл басынан бері кәсіпорындар 1,6 трлн теңгенің өнімін жасап шығарды. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 4,8%-ға артық», - деді Павлодар облысының әкімі.

Сондай-ақ, облыс әкімі өңірде көмір өндіру 4,1%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін жасап шығару – 16%-ға, металлургия өнімдерін өндіру – 2,1%-ға және машина жасау – 1,3 есеге артқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, осыған дейін облыс әкімі 2019 жылы Павлодарда жаңа "Достық" ауданы құрылысы басталатынын айтқан болатын. Сонымен қатар ол жұмысшылардың жалақысы өсетіні туралы айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер