BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда Ленин көшесiнiң атауы қашан өзгередi?

Фото: ОКҚ

Павлодар облысының әкiмi Болат Бақауов Павлодардағы Ленин көшесi атауының қашан өзгеретiнiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Мен өткен жолы есеп берген кезде Азаров Евгений Григорьевич (Павлодардың құрметтi азаматы - агенттiк ескертпесi) осындай ұсыныс енгiзген болатын. Октябрь революциясына 100 жыл болады, Ленин көшесiнiң атауын өзгертудiң кезi келген шығар. Оны бiз көремiз. Биыл осы жұмысқа кiрiсемiз. Басқа көшелердi де бiртiндеп қолға аламыз», - дедi ОКҚ брифинг барысында Бақауов.

Атап өтсек, Павлодарда кеңестiк кезеңнен қалған Кутузов, Ленин сынды көшелер мен облыс аумағында бiрқатар елдi мекен әлi бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер