BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда қазақ тілінен жалпықазақстандық диктант өткізілуде

Фото: 8772.ru

Павлодардық барлық мектептерінде Астананың 20 жылдығына арналған қазақ тілінен ашық жалпықазақстандық диктант өткізілуде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана – бейбітшілік бесігі» тақырыбындағы диктантқа қала бойынша 7884 оқушы қатысуда. Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткізілуде. №41 мектеп директоры Анар Сұлтанбекованың айтуынша, мектеп ішінен бұл диктантқа 7-11 сынып оқушылары жалпы саны 370 адам қатысуда.

«Диктанттың мақсаты – жастар арасында мемлекеттік тілді игеру, тілдің мәртебесін көтеру. Қорытындыларын қазақ тілі мұғалімдерінен құрылған арнайы комиссия шығарып, үздік жұмыстар марапаттарға ие болады. Сонымен бірге, біздің мектеп жыл сайын түрлі өзге ұлттарды қазақша сөйлететін «Мың бала» конкурсына қатысады», - дейді Анар Сұлтанбекова.

№ 41 мектептің 11 сынып оқушысы, пәнаралық олимпиадалардың жүлдегері Дария Шушпанова мұндай кең көлемді сынға алғаш рет қатысып отырғанын айтады.

«Қазақ тілінен «беске» оқимын. Сонымен бірге ағылшын тілін де меңгергенмін. Болашақта дипломат болсам деп армандаймын», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер