Павлодарда алданып қалған 30-дан астам зейнеткер сотталуда - Аймақ|27 Қыркүйек 2018, 09:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда алданып қалған 30-дан астам зейнеткер сотталуда

Фото: интернеттен

Павлодарда зейнетақыларды «сатқан» шенеуніктерге қатысты сот отырысы басталды. Мемлекеттік қызметшілер 13 жыл бойы жалған зейнетақыларды саудалаумен күн көріп келген, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Оңай олжа тапқысы келгендерді кесірінен 30-дан астам павлодарлық зейнеткер сот алдында жауап беруде. Олардың барлығы қалтаға заңсыз басқан миллиондаған теңгеге бағаланатын мемлекет бюджетін шығындап, алаяқтық жасады деген күдікпен істе болып отыр. Сотталушылар кінәларын мойындап, шенеуніктерден алданып қалғандарын айтты.

Еске сала кетсек, Павлодар облысында аса ірі көлемінде мемлекет бюджетін жымқырған бір топ мемлекеттік қызметшіге қатысты қылмыстық іс тергелді. Ұлттық бюро мамандары жалған анықтамалар арқылы зейнетақы тағайындалған тұлғаларды әшкереледі. Алаяқ шенеуніктер зейнет жасына жетпеген азаматқа әлеуметтік төлем тағайындап, 117 млн теңгені ұрлаған.

Айта кетейік, ұрланған 117 млн теңгенің 80 млн теңгесі қайтарылды. Бүгінгі күнге дейін 66 эпизодтан тұрған тергеу аяқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті тергеу басқармасының басшысы Руслан Куватовтың айтуынша, заңсыз олжаның құны 2-3 млн теңге аралығында болған. Күдіктілердің басым бөлігі жасаған қылмыстарын толық мойындаған.

Шенеуніктерден опық жегендердің қатарында Махмұт Темірғалиев бар.

«Мен 2016 жылға дейін аула сыпырушы болып жұмыс істедім. 61 жасымда зейнетақы төлеу орталығының мамандары келіп, зейнет жасына жетпей зейнеткер атану жөнінде ұсыныс жасады. Олар маған 250 мың теңге төлеп, бір жылдан кейін Семей ядролық полигонының аумағындағы ауыл тұрғыны ретінде жоғары зейнетақы алатынымды сендірді. Дегенмен, мен Алматы облысында туғанмын. Сеніп қалдым. Кейін мемлекетке 2 млн теңге қарыз екенімді білдім. Заң алдында жауап беремін, әрине», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бір топ маман лауазымдық қызметтерін пайдалана отырып, облыс тұрғындарына зейнетақы төлемдерін заңсыз ресімдеп келген. Бұл қызметтері үшін 300 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін сыйақы алған. 11 фигуранттың төртеуі ғана істі болды.

Сот талқылауы жалғасады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер