Павлодарда 21 жасар жігіт өлі күйінде табылды - Аймақ|13 Тамыз 2018, 22:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда 21 жасар жігіт өлі күйінде табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен 21 жасар Әнуар Мұқанов өлі күйінде табылды. Бүгінгі таңда екібастұздық азаматтың туыстары қайғылы оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Солнечный кентінің әкімі Маржан Алшымбаеваның айтуынша, жас азаматтың жоғалып кетуі туралы ақпарат үстіміздегі жылдың 11 тамызында түскен.

«Біз іздеу жұмыстарын полиция қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп жүргіздік. Оның мүрдесі женсенбі күні түстен кейін табылды», - дейді кент әкімі.

Әнуар Мұқанов жергілікті №2 мемлекеттік аумақтық электр станциясына қарасты кәсіпорында өрт сөндіруші болып еңбек етеді. Қайтыс болған жігіттің ағасы Бауыржан Рахатовтың хабарлауынша, Әнуар бұл қызметті бір жыл бойы атқарып келеді.

«Ол 2-МАЭС-ның су қоймасына тәуліктік кезекшілігін атқаруға кеткен болатын. Менің ойымша, ол жұмыс бойынша нұсқаулықтан өтпеген. Себебі суда жүзе алмайтын адамды кезекшілік атқаруға жіберуге болмайды. Өкініштісі сол, құтқарушалыр отыратын шағын ғимаратта тағы адамдар болған. Олар ішімдік ішкен көрінеді. Әнуар темекі шекпейді, арақ ішпейді де», - дейді Бауыржан Рахатов.

Ә. Мұқановтың туыстарының айтуынша, ол кешкі сағат 17.00-де достарына қоңырау шалған.

«Әнуарды алмастыруға келген әріптесі құтқарушылар үйшігінің ішінен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерін мас күйінде тауып алған. Бұл үйшікте інімнің қымбат сағаты мен ұялы телефоны жатты. Оның денесі екі күн өткен соң су қоймасынан табылды», - дейді Бауыржан Рахатов.

Әнуар Мұқанов – отбасынның тұңғышы. Жас азаматты жерлеу рәсімі ертең Екібастұз қаласында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер