BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодарда 215 отбасы пәтерлі болды

Фото: Валерий Бугаев

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Тұңғыш Президент күні қарсаңында 215 отбасы баспаналы болды.

Жаңа тұрғын үйлер Павлодар қаласындағы жаңа «Сарыарқа» шағын ауданында бой көтерді. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған үйлердің бір шаршы метрінің бағасы – 121 000 теңге. Мамандардың айтуныша, бұл қаладағы орташа нарықтық бағадан айтарлықтай төмен. Пәтерлер аумағы 40-84 шаршы метр шамасында.

Пәтерлі болған қауымның қуанышына облыс әкімі Болат Бақауов ортақтасып, мерекемен құттықтады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп жатқан сарабдал саясаты мен елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының арқасында ел азаматтары баспаналы болып жатыр. Осыдан біршама уақыт бұрын екі қабатты апатты үйлердің орнында осындай жаңа шағын ауданы бой көтерініне күмінмен қараған едік. Бүгінгі таңда ыңғайлы, әлеуметтік тұрғыдан дамыған «Сарыарқа» шағын ауданы салынып жатыр. Оның құрылысы 2021 жылға дейін толық аяқталады», - дейді Болат Бақауов.

Баспаналарға ие болғандар - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары.

"Мемлекеттің қолдауы мен «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында жыл соңына дейін тағы 288 павлодарлық қоныс тойын атап өтеді. Сонымен қатар, банк 650 пәтер бойынша пулға сатып алушыларды қабылдау жариялайды», - дейді қаржы институты облыстағы филиалының директоры Талған Байылов.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін облыс орталығында 103 мың шаршы метрден астам тұрғын үй қолданысқа берілді. Мемлекет бюджетінің есебінен «Сарыарқа» шағын ауданында алты тұрғын үй салынып бітті. Қазіргі уақытта тағы алты баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін 200 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілмек.

Фото: Валерий Бугаев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер