BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар облысында тұрғындардың 71 пайызы қалалық жерлерде тұрады

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңір тұрғындарының 71 пайызы қалалық жерлерде, 29 пайызы ауылдық аймақтарда қоныстанған. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Болат Бақауов шалғай жатқан ауылдарға ұялы байланыс желісін тарту мәселесіне тоқталып өтті.

«Кең жолақты интернет бар жерлер ұялы байланыспен қамтамасыз етіледі. Аймақта шағын ауылдарды есепке алғанда 365 елді мекен бар. Оның барлығына ұялы байланыс желісі тартылмайды. Себебі, қазіргі таңда урбанизация үрдісі жүріп жатқаны белгілі. Тірек ауылдарды дамыту бағдарламасы бойынша асфальт төсеп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сол жерлерде дәрігерлік амбулатория, интернет те болады. Мысалы, Тереңкөл ауданындағы орталықтан 37 шақырымда жатқан Зеленая роща сияқты бөлімше жайылымды жер болып саналады. Дегенмен, инфрақұрылым, электр, ұңғыма өткізілген ауылдан арзан бағаға үй сатып алып, ет бағытында мал шаруашылығын дамытуға болады», - деді Болат Бақауов.

Аймақ басшысы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінен биылғы жылы 165 отбасы көшіп келгенін атап өтті.

«Әлі де біздің аймаққа қоныс аударатындар бар және оларға біздің өңір ұнайды. Оның ішінде Шымкент пен Қызылордадан ғана емес, басқа өңірлерден және Қытайдан келген қандастарымыз бар. Бізде жер учаскесі ұсынылады. Әр отбасына жеті тонна көмір берілді. Бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да жалғасын табады», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер