BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Павлодар облысында тоққа түскен балалар өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Автор

Павлодар қаласының іргесіндегі Жаңа ауыл елдімекенінде болған қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. Қазіргі уақытта балалардың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, жедел-жәрдем станциясының дәрігерлері оқиға орнына сегіз минуттың ішінде жеткен. 103 қызметіне ауылдың маңындағы теміржол станциясының машинистері хабарлаған.

Бұл электр желілері «Павлодарэнерго» АҚ-на қарасты болып шықты.

«Кернеулігі 6 киловольт болатын электр желілері «Солтүстік өнеркәсіптік» трансформаторлы қосалқы станциясына жатады. Оқиғаның жай-жапсарын комиссияның қорытындысынан кейін белгілі болады», - деп хабарлады энергия таратушы кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Олеся Емельянова.

Еске сала кетсек, Жаңа Ауыл ауылында 2004 және 2006 жылғы балаларды тоқ ұрып, сол жерде мерт болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалардың бірі футбол алаңының қоршауына мініп, электр желілерін ұстаған. Салдарынан тоқ соққан. Темір торды ұстап тұрған екінші жасөспірімді де тоқ соқты. Кейін мәліметтерге сүйенсек, екі бала тоқ сымдарын ұстауға бәстескен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 20:48
Құны түскен атақ
Пікірлер