Астана, BAQ.KZ. Бүгін сағат кешкі бестен кейін барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын көліктер үшін шектеу қойылады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
Астана, BAQ.KZ. Бүгін сағат кешкі бестен кейін барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайтын көліктер үшін шектеу қойылады. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.
«Қатты аязға байланысты жолға шығудан бас тартқан дұрыс. Сондай-ақ, бүгін өңірде Баянауыл, Аққулы және Май аудандарынан басқа барлық мектептерде екінші ауысымда сабақ өткізілмейді. Қазіргі уақытта сынап бағаны – 30 градусты көрсетіп тұр. Сондықтан қатты аязға байланысты екінші ауысымдағы 1-9 сыныптар үшін сабақтар болмайды, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің қызметкері Марал Сағынова.
Өткен сенбі күні бірінші және екінші ауысымда сабақтар тоқтатылған болса, бүгін таңертең температура -25 градусты, желдің жылдамдығы секундына 25 метрді құрады және бірінші ауысымда сабақтар өткізілген болатын.
«Қазгидрометтің» мәлімдеуінше, суық арктикалық фронттың әсерінен 2018 жылдың 22 желтоқсанынан бастап сынап бағанасы түнде -28–ге дейін, күндіз -20-ға дейін төмендейді.
24-28 желтоқсан аралығында күндізгі ауа температурасы -30-ға дейін жетеді. Түнде термометр бағанасы -35 градусқа дейін төмендейді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!