BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өзгелерге қасақана ЖИТС жұқтырған теміртаулық қамауға алынды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 28 жастағы Теміртау тұрғыны өзінің ЖИТС-пен сырқаттанғанын біле тұра әйелдермен қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсіп, АИТВ инфекциясын жұқтырған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облыстық ЖИТС-пен күрес орталығының мәліметінше, Теміртауда 19 жастағы қыз ғаламтор арқылы 28 жастағы ер адаммен танысып, сымбатты жігітке ғашық болады. Олар біршама уақыт телефон арқылы сөйлесіп, кейіннен саябақта кездеседі. Кездесуден кейін ер адам қызды үйіне шақырып, оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа итермелеген. Болған жағдайды жас қыз құрбысына айтып, ол ЖИТС орталығына барып, қан талдауын жасатуға кеңес береді. Өкінішке орай, 19 жастағы қызда АИТВ тесті оң нәтиже көрсеткен. Жас қызға иммун тапшылығы вирусын жұқтырған жігіт ЖИТС орталығында есепте тұрған болып шыққан. Қарағанды облыстық ЖИТС-пен күрес орталығының мамандары эпидтексеріс жүргізіп басқа да үш зардап шегушінің бар екендігін анықтады.

«ЖИТС-пен күрес орталығына есепке алынған әрбір емделушіге АИТВ инфекциясын жұқтырудың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі түсіндіріледі. Олар вирусты таратпау жайлы арнайы құжатқа қол қояды», - дейді Қарағанды облысының ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Орталығының баспасөз хатшысы Светлана Могай.

Теміртау қаласының тұрғыны адамның иммун тапшылығы вирусын төрт әйелге жұқтырды деген айыппен қамауға алынды. Зардап шегушілер оның үстінен құқық қорғау органдарына арызданған. Күдктінің АИТВ инфекциясымен сырқаттанғанын біле тұра оны басқа әйелдерге не себепті жұқтырғанын тергеушілер анықтайтын болады.

«Күдіктінің жеке басы анықталды. Оған қатысты қамауға алу жайлы шешім шығарылды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 118 бабы, 3 тармағына сай, яғни «өзінде АИТВ бар екендігін білген адамның осы ауруды екі немесе одан да көп адамға жұқтыруы» бабы бойынша қозғалды. Іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеудің қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылатын болады. Басқа деректер жарияланбайды», - дейді Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер