Өскеменде туберкулез жұқтырған 4 науқас дәрігерлерден қашып жүр - Аймақ|19 Желтоқсан 2018, 17:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Өскеменде туберкулез жұқтырған 4 науқас дәрігерлерден қашып жүр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Туберкулез дертін жұқтырып, диспансерлік тіркеуден бас тартып жүрген науқастар қоғам үшін қауіпті. Бұл туралы yk-news.kz порталы хабарлайды.

Облыста 27 тұрғын туберкулездің созылмалы түрін жұқтырған. Оның 25-і жұқпалы аурудың инфекциясын таратушылар болып саналады. Тек 2 азаматтан ғана қауіпті инфекция анықталмаған.

Қазіргі таңда дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қауіпті инфекцияны таратушылармен күресуде.

«Өңірде тек 15 тұрғын ауруханаға жатқызылған. Қалған 12 азамат үйінен емделуде. Ал 4 науқас дәрігерлерден қашып жүр. Оның үшеуі соттың шешімімен іздестірілуде. Олар – қоғам үшін қауіпті», - делінген портал таратқан хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер