BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскеменде 14 көшенің атауын өзгерту ұсынылды

Астана, BAQ.KZ. Өскемен қалалық әкімдігінде ономастика мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп жазады altaynews.kz.

Қоғамдық тыңдау жиынында Өскемендегі үлкенді кішілі барлығы 14 көшенің атауын өзгерту ұсынылды.

Жиын барысында Өскемендегі Дзержинский көшесін Әміре Қашаубаев атына, Орджоникидзе көшесін Сағадат Нұрмағамбетов атына, Киров көшесін Антон Чехов атына ауыстыруға, Головков көшесіне Бейбітшілік атауын беру жөнінде ұсыныс жасалды. Қалалық мәслихат депутаттары өскемендіктердің ұсынысын бір ауыздан қолдады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер