BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өрт қауіпсіздігін елемеген сауда үйлерінің иелеріне 5 млн теңге айыппұлы салынды

Фото: Автор

Ертіс өңірінің өрт сөндірушілері сауда үйлеріндегі өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша тексеріс жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін өңірдегі 81 ойын-сауық және сауда нысандарына болып, оқыс жағдайларға дайындығын пысықталды. Сонымен қатар, өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөліс бастығы Серік Ысқақовтың айтуынша, аумағы 1500 шаршы метрден асатын адам көп жиналатын жерлер өрт қауіпсіздігі бойынша қауіпті орындар санатына жатады. Облыста осындай аумақты 70-ден астам нысан бар.

«Тексеріс нәтижесінде объектілердің басым бөлігінде өртке қарсы шаралар тиісті деңгейде емес екені анықталды. Бас-аяғы 1200-ден астам бұзушылық тіркеліп, ескерту жасалды. Кейін ескертулерді жоюға уақыт беріліп, бақылау шараларын қолға алдық. Нәтижесінде 58 сауда орталығы олқылықтардың орнын жойды. Ал 20 нысан мамандардың сөзіне құлақ аспай, барлығын сол қалпында қалдырған. Сондықтан, материалдарды сотқа жіберіп, әкімшілік жаза тағайындалды. Сот органдарының шешімімен өрт қауіпсізідігіне салғырт қарағандарға 5 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», - дейді Серік Ысқақов.

Айта кетейік, сауда үйлерін тексеріс жұмыстары осы жылдың мамыр айынан басталды. Мамандар алдымен ескерту жасап, кейін өрт қауіпсіздігі құралдарының қалыпқа келтірілуі мен эвакуациялық жолдардың реттелуін қадағалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер