Оралда ер адам басына мұз құлап өлді - Аймақ|28 Наурыз 2018, 16:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оралда ер адам басына мұз құлап өлді

Қайғылы оқиға бүгін Орал қаласындағы Киров аялдамасының маңында болды. Ер адам бірден тіл қатпай қаза тапты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі uralskweek.kz басылымына сілтеме жасап.

«Ғұмар Қараш көшесінде қайғылы жағдай болды. Орта жастағы ер адамның басына ғимараттың шатырынан мұз құлады. Ол бірден қайтыс болды. Осы уақытта жедел жәрдем бригадасы жақын маңда болып, екі минут ішінде келеді. Бірақ өкінішке қарай, дәрігерлер келгенде оның өлгенін анықтады», - деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
27 Желтоқсан 2018, 12:48
Семейде мұз сарайы салынады
Пікірлер