Оңтүстік Қазақстан тұрғындары былтыр 300 млрд теңгеге жуық несие алған - Аймақ|19 Қаңтар 2018, 08:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оңтүстік Қазақстан тұрғындары былтыр 300 млрд теңгеге жуық несие алған

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы өңір халқына 2017 жылдың 1 желтоқсаны бойынша екінші деңгейлі банктерімен 299,4 млрд теңге көлемінде несие берілген. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,4 пайызға артып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.

Сондай-ақ, 2017 жылы өңір халқы банктерге 267,9 млрд теңге көлемінде салым жасаған. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2 пайызға артқанын көрсетеді. Халық салымдарының басым бөлігі ұлттық валютада сақтаулы.

«Екінші деңгейдегі банктерден берілген несие көлемінің 62,4 пайызы - жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында, 19,8 пайызы - өнеркәсіп саласына, 14,4 пайызы - саудаға, 2,1 пайызы - құрылыс саласына, 1,3 пайызы - ауыл шаруашылығына берілген», - деді Арман Сәбитұлы.

Сонымен қатар, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 43,9 млрд теңгені құрап, 12,4 пайызға артқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер