BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ономастикалық өзгерістер жалғаса береді – Даниал Ахметов

Астана, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жергілікті «Алтай» телеарнасы арқылы тікілей эфирге шығып, тұрғындар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берді, деп жазады altaynews.kz.

Аймақ басшысы эфир барысында өңірдегі бірқатар елді мекендер мен көшелердің атаулары қазақшаланғанын, бұл игі үрдіс келесі жылы да жалғасын табтынын айтты.

«Облыстағы барлық елдімекендерде 8 мыңнан астам көше бар екен. Біз соңғы екі жылда 314 көшенің атын өзгерттік. Мәселен, Семейдегі Ленин көшесі «Мәңгілік Ел», Полковничий аралы – «Бейбітшілік», Өскемендегі Карл Маркс даңғылы «Қазыбек би» атауларын алды. Бір күн бұрын ғана Үкімет қаулысымен Зырян ауданы мен қаласының атауы «Алтай» деп өзгертілді. Бұл бастаманы жергілікті халықтың өзі ұсынды, аудандық мәслихат тұрғындар пікірін 100 пайыз қолдады. Әлбетте, бұл өзгерістер алдағы уақытта да жалғасын табады. Бірақ, осы ретте біз Қазақстанның көпұлтты біртұтас ел екенін қаперден шығармауға тиіспіз дегім келеді. Жаңадан салынған көшелерге Брусиловский, Чехов, Менделеев, Толстой, Бах, Брамс сынды ұлы тұлғалардың есімін неге бермеске?! Жас ұрпақ оларды да танып-білуі қажет. Яғни, ономастика мәселесінде біржақты ұстанымда қалуға болмайды», деді Даниал Ахметов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер