BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-да суға кеткендерді іздеу жұмыстары жалғасуда

ОҚО-да суға кеткендерді іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Baq.kz.

Үш күн бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағына Сарыағаш ауданы, Дербісек ауыл округі, Жамбыл ауылындағы Келес өзенінде 2014 жылы туған бала суға батып кеткендігі туралы хабар түскен. Оқиға орнына құтқару бөлімшесі жетіп, сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Қосымша іздестіру жұмыстарына ауыл округінің әкімі, Сарыағаш ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері, туыстары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Отырар ауданы Ильич елді мекеніндегі Арыс өзенінде болжаммен 10 сәуірде суға ағып кеткен 1992 жылы туған ер баланы іздестіру жұмыстары да жалғасуда.

Екі жағдайда да сүңгуірлік жұмыстары кезінде іздестіруді өзеннің қатты ағысы және лай су қиындатуда.

Құтқарушылар үлкендерге балаларын қараусыз қалдырмауға және су қоймаларына жалғыз жібермеуге кеңес береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер