BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Маңғыстауда жел электр станциясы салынады

Астана, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» (ХЖТИЖО) жетекшісі Рәпіл Жошыбаев өңірге жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар енгізу мақсатында өзара серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

Ұсынылған құжат Маңғыстау өңірінде іске асырылатын жобаларға қатысты мәселелердің кең спектрін қарастырады, оның ішінде: тұрақты даму, экология, жаңғыртылатын энергия көздерін құрастыру, энергия тиімділігі және энергия үнемділігі, сандық жүйеге көшу, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жобалары.

Биыл тамыз айында Маңғыстау облысында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының қолдауымен 42 МВт қуаты жел электр станциясының құрылысы басталды.

Кездесу барысында ХЖТИЖО жетекшісі Рәпіл Жошыбаев бұл бағытта Маңғыстау өңірінде белсенді жұмыс жүргізілуде, сондықтан Орталық мүмкіндіктерін энергиялық және экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқаларын табуға арналған жан-жақты алаңға айналдыру керектігін айтып өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер