Өскемен жанындағы ауыл тұрғындары бензин сасыған су ішіп отырмыз деп шағымданды - Аймақ|22 Желтоқсан 2017, 16:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскемен жанындағы ауыл тұрғындары бензин сасыған су ішіп отырмыз деп шағымданды

Тұрғындардың айтуынша, құбырдан «хош иісті» судың аққанына 10 күн болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Устинка LIVE сайтына сілтеме жасап.

Енді Өскемендегі Кулиновка ауылының тұрғындары өздерінің денсаулығы үшін алаңдап, бензин иісі шығатын сұйықтықты ішуден бас тартып отыр.

«Өткен жылы да осындай жағдай болған. Бірақ, бензин иісі бірнеше күннен кейін жоғалған еді. Биыл мұндай судың ағып тұрғынына 10 күн болды. Бензин иісі шыққанына қарамастан, оны тұтынуға мәжбүр болып отырмыз. Жылу жүйелері қызметкерлеріне хабарласып, жағдайымызды түсіндірдік. Олар себебін анықтау үшін су үлгісін алып кетті. Ал біздің ПИК-те тек Энтузиазистер көшесінің тұрғындары емес, барша ауылдың осы мәселеге бола жапа шегіп отырғанын айтты», - дейді Кулиновка ауылының тұрғыны Арай.

«Өскемен Жылу жүйесі» АҚ бұл жағдайдан хабардар және барлығы толықтай бақылауда екенін айтып өтті.

«Бізде алынған су үлгісін тексеретін зертхана бар. Алдағы уақытта бензин иісінің шығу себебін анықтайтын боламыз. Бұған әсер етуші факторлар көп. Меніңше, соның бірі - үйлерге орнатылған пластикалық құбырлар. Десе де, нақты себебін анализ қорытындыларынан кейін ғана айта аламыз», - дейді Жылу жүйесі жылу энергиясын тасымалдау директоры Дулат Шарапиев.

Алайда, Арай ханымның айтуынша, олардың үйінде пластикалық құбыр жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер