BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қостанайлық кейуана 109 жасын тойлады

Қостанай облысы Меңдіқара ауданының тұрғыны Нағима Жақыпқызы 109 жасқа толды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz -ке сілтеме жасап.

Нағима Жақыпқызының қазір денсаулығы жақсы, тек құлағы нашар естиді.

«Осы жер анамның – отаны. Өмір бойы Меңдіқарада тұрып, жеті бала тәрбиеледі. Қазір жасы 109-ға келді, денсаулығы қалыпты, тек құлағы нашар естиді және көзі жақсы көрмейді. Өте сабырлы, дана. Кезінде депутат болған. Бұрын Мәскеудегі көрмелерге қатысты», - деп әңгімелейді қызы Зәуре Мінайдарова.

Жасы бір ғасырдан асқан әжені шешен, әрі ақын деуге болады. Қостанайлық композитор Қажығалы Омаров оның өлеңдеріне ән де жазған.

«Анам – өте сауатты жан. Қанатты сөздерді көп біледі. Оны барлығымыз шешен дейміз. Өзінен өлең жазады. Жазған өлеңдеріне қостанайлық композитор Қажығалы Омаров ән де шығарды», - дейді қызы.

Зәуре Мінайдарова анасы туралы кітап жазыпты. Бірнеше данасын шығарып, немере-шөберелеріне естелік ретінде таратып берген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер