BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қостанайда шала туған құбыжық қозы елдің үрейін туғызуда

Жагелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тəуіш ауылының тұрғыны Ақпан Досановтың бағып отырған бір қойы жабайы аң тектес шала қозы туған, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Осы ақпаратты анықтау үшін біз Ақпан Досановтың үйіне қоңырау шалып тілдестік.

«Осыдан екі күн бұрын қорадағы бір қойым іш тастапты. Қозы өлі туған. Анықтап қарап едік қойдың төліне еш ұқсамайды. Астыңғы иегі жабайы дала шошқасынан аумайды. Бұл жөнінде ауылдық мал дəрігеріне хабар берген жоқпыз. Себебі, қозы шала туған соң елді дүрліктірмейік деп шештік. Бірақ, немерелерім қызық көріп суретке түсіріп алған болатын. Бұл суреттің лезде елге тарап кететінін білмедік», - дейді қария Ақпан Досанов.

Расында, бұл жабайы тектес қозының суреті бізге ватсап әлеуметік желісі арқылы Арқалық қаласының бір тұрғындарынан келген болатын. Бірақ, осы орайда жергілікті мал дəрігерінің айтар өзіндік уәждері бар. Сондықтан да бұл жөнінде артық байбалам салудың қажеті жоқ көрінеді.

«Суретке анықтап қарасаңыз төлдің жетілмей шала туғанын анықтау қиын емес. Бар мәселе осында болып тұр. Ал, адамдардың қорасында бағып отырған малы жабайы аңдармен будандасуы мүмкін емес қой. Бұл арада шала туған малдың төліне бола дабыл қағудың қажеті жоқ», – дейді қостанайлық мал дəрігері Өркен Жанқұлов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер