Қостанайда полицей 23 жастағы жігітті қағып кетті - Аймақ|02 Қазан 2017, 12:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қостанайда полицей 23 жастағы жігітті қағып кетті

Қостанайда ІІБ қызметкері 23 жастағы жігітті қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі alau.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім еткен.

1 қазан күні сағат 6.35 шамасында KIA Rio көлігімен келе жатқан 32 жастағы жүргізуші Қорған көшесінің бойында 23 жастағы жігітті қағып кеткен. Зардап шеккен жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

«KIA Rio көлігін Қостанайдың ІІБ қызметкері жүргізіп келе жатқан. Ол көлікті жұмыстан тыс уақытта жүргізген. Қызметтік көлікпен жүрмеген. Полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды», - деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері.

ІІД мәліметінше, осы фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер