BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қостанай облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды

Фото: r-storona.ru

Астана, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысында бірнеше жол жабылды. Термометр бағаны -33 градусты көрсетіп тұр. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Облыстық маңызға ие «Мамлютка-Қостанай» 0-56 шақырым, «Ұзынкөл-Сарыкөл» 0-79 шақырым, «Сарыкөл-Б.Дубравы» 0-56 шақырым, «Қойбағар-Қарасу-Севастопольский» 0-114 шақырым, «Қостанай-Введенка» 5-97 шақырым жолдар аумағындағы қозғалыс уақытша шектелді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дизельді отынмен жүретін жүк және жолаушылар көліктеріне республикалық маңызы бар А-21 «Мамлютка-Қостанай» 243-180 шақырым Ұзынкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін, М-36 «Екатеринбург-Алматы» 687-729 шақырым Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін, Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 108-232 шақырым Әулиекөл ауылынан Ақмола облысы шекарасынан дейін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер