BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызылордада жастар форумы өтті

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ. Аймақтағы халықтың 24 пайызы 14-29 жас аралығындағы жастар болып табылады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дәстүрлі форумға мектеп оқушылары мен студенттер, жас мамандар, белсенді басқа да санаттағы жастар қатысты.

Қазіргі таңда аймақтағы халықтың 24%-ы – жастар, олардың ішінде 190 мыңнан астамы 14-29 жас аралығында, ал экономикалық тұрғыдан белсенділері - 110 мыңнан асады. Аймақ тұрғындарының жалпы саны 700 мыңнан астам адамды құрайды.

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев форум қатысушыларын 2019 жылдың ресми түрде «Жастар жылы» деп жариялануымен құттықтады.

«Елбасымыз осы жылғы Жолдауында жастарды қолдауға арналған шараларды қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруды тапсыра отырып, 2019 жылды «Жастар жылы» деп айқындауында да ерекше мән бар. Өйткені, Ұлт Көшбасшысы Мәңгілік елдің жастарын, Сіздерді ел мұраты үшін қызмет ететін Тұлға ретінде көргісі келеді. Бұл артылған сенім баршамызға зор міндет жүктейді. Ал, сенім үдесінен шығуға Сіздердің әлеуеттеріңіз де, Сіздерге көрсетілетін қолдау да жеткілікті», - деді аймақ басшысы.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша, жастарға білім беру және жұмысқа орналастыру, сондай-ақ олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Өңірде мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2021 жылға дейінгі Жол картасы әзірленді. Құжатта жастардың өзекті мәселелері - жұмысқа орналасу, тұрғынүй, білім беру, бос уақытты тиімді пайдалану және басқа да мәселелерді шешу бойынша шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, 60-тан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, Қызылорда облысы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру бойынша көшбасшылардың қатарында.

Сонымен қатар, республикада алғашқылардың бірі болып аймақта еңбек ресурстарының балансы (қоры) әзірленіп, еңбек нарығындағы сұраныстар мен қажеттіліктерге орай жыл сайын жаңартылып отыр.

Сондай-ақ, Сырдарияның сол жағалауынан мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр, нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер