Қызылордада қарақшылар жанармай бекетін тонап кетті - Аймақ|14 Желтоқсан 2017, 19:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызылордада қарақшылар жанармай бекетін тонап кетті

Қызылорда облысы Қазалы ауданында орналасқан «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю бекетіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, кассаны тонап кеткен, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің өңірдегі тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Анарбаевтың хабарлауынша, желтоқсанның 12-сіне қараған түні Қазалы ауданы Әйтеке би кентіне қарасты «Батыс Қытай – Батыс Европа» тас жолының бойында орналасқан «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю бекетіне қарақшылық жасалған.

«Белгісіз азаматтар бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында күш қолданып, денсаулығына қауіп төндіріп, шабуыл жасаған. Аталған оқиға 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігімен (қарақшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары және қылмыскерлердің жеке басын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылып, жүргізілуде», – деді ол.

Сонымен қатар, Н.Анарбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу барысы тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайтынын мәлімдеді.

Жергілікті тұрғындар болса, оқиның ізін суытпай ішкі істер қызметкерлері жанармай бекетінің маңайындағы үйлерді аралап, өздерінен түсініктеме алғанын айтты.

«Біздің үйге полицей келіп кетті. «Жанармай бекеті тоналды, ештеңе байқамадыңыздар ма, күдіктілеу біреулерді көрмедіңіздер ме» деп сұрады. Мұндай хабарды бірінші естіп тұрмын, еш хабарым жоқ дедім», – дейді Әйтеке би кентінің тұрғыны Дәулет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер