BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызылорда облысындағы сәбилерге жиі қойылатын есімдер

Фото: informburo.kz

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы он жылда Қызылорда қаласында дүниеге келген 402 сәбиге Нұрсұлтан есімі қойылған.

Қызылорда қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Шәркүл Абдразақованың айтуынша, 2007 жылдан бері Қызылорда қаласы бойынша дүниеге келген 402 сәбиге Нұрсұлтан деген есім қойылғандығы анықталды.

Ардагер ұстаз Жұмаш Балғожаеваның айтуынша, Елбасының есімін иелену балаға үлкен жауапкершілік жүктейді.

«Қызылорда қаласындағы мектептің бірінде ұстаздық қызмет істеп жүргенде «Өнегелі өмірден өнеге аламын» деген жоба қолға алғанмын. Ол бойынша шәкірттерге өнегелі өмірін үлгі тұту үшін қазақтың ақын, жазушы, хан, батыр ұл-қыздарын бөліп бердім. Мәселен, бір оқушыға Қаныш Сәтбаев боласың дедім. Тағы біреуіне «Шоқан Уәлиханов секілді ғалым боласың» деп, әрқайсысына бір-бір тарихи тұлғаны бекітіп бердім. Сонда балалар «мен Шоқанмын», «мен Абаймын», «оның атына кір келтірмеймін» деп, өзі үлгі тұтатын ұлы адамның өмірі мен еңбегін зерделей бастады. Соларға еліктегендіктен, теріс қылық, әдепсіз әрекет жасауға ұялатын болды. Дұрыс жүріп-тұруға тырысты. Міне, көрдіңіз бе? Ұлы адамдардың есімін иеленудің осындай оң әсері бар. Сол сияқты Тәуелсіздік жылдары көптеген сәбиге Елбасының есімі қойылды. Нұрсұлтан атты балалардың, байқауымша, арманы асқақ келеді», - дейді Ж.Балғожаева.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Шәркүл Абдразақова облыстағы ең танымал есімдерді де атады.

«Сыр өңірінде соңғы он жылдықта ер балаларға Нұрәли, Нұрмұхаммед, Дінмұхаммед, Мұхаммедәли, Мансұр, Әлихан, Мұстафа, Ислам сынды есімдер, қыз балаларға Кәусар, Раяна, Асылым, Адия деген есімдер жиі қойылған», - деді Ш.Абдразақова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Желтоқсан 2018, 19:53
Қызылорда – көшбасшы
Пікірлер