Қызылорда облысында қан айналым жүйесі аурулары көбейген - Аймақ|30 Қыркүйек 2017, 14:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызылорда облысында қан айналым жүйесі аурулары көбейген

Қызылорда облысында қан айналым жүйесі ауруларымен күрес күшейтілді. Себеп бар. Жыл санап науқастар қатары артып келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі khabar.kz-ке сілтеме жасап.

Инсульт пен инфаркт әсіресе жастар арасында жиі кездесе бастаған. Осыдан кейін аймақта бұл аурулармен күрестің арнайы жол картасы әзірленді.

Қазір ерте тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері жүргізілген скринингтерден соң 4 мыңнан астам адам диспансерлік есепке алынған. Қазір жергілікті дәрігерлер күрделі операцияларды өздері жасайды. Қажет техника да бар.

«Инсульт кезінде ең маңыздысы ол – бірінші алты сағатқа дейін жасалынатын көмек. Сонда адамды құтқаруға, болмаса мүгедектіктен сақтап қалуға мүмкіншілік туады. Бүгінгі күні біздің орталықта инсульттың хирургиялық профилактика есебіндегі операциялары жасалуда. Ол ұйқы артериясы бітелген немесе жарылған жағдайда жасалады», - дейді облыстық медициналық орталықтың директоры Сәбит Пазылов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
21 Қараша 2018, 09:48
Сіз қанша қант «ішесіз?»
Пікірлер