BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.82
Астана:

Қызылорда облысы «EXPO-2017» көрмесіндегі 20 жобаны іске асыруға кірісті

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңір «EXPO-2017» көрмесінде таныстырылған 20 жобаны іске асыруға кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«EXPO-2017» көрмесінен кейін өңірде түрлі салаға жаңа технологияларды енгізуге бағытталған 20 жобаны іске асыру басталды. Оның ішінде 11 жоба тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты. Облыста 2 жоба, атап айтқанда Жаңақорған ауданында қуаттылығы 50 мВт болатын күн электр станциясы мен қуаттылығы 24940 кВт болатын «Бәйтерек-25» жел электр станциясын салу жобалары бойынша келісімшарт жасалды», - деді өңір басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер