BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.82
Астана:

Қызылорда бірқатар сала бойынша көш бастап тұр - Тимур Құлыбаев

«Атамекен» ҰҚП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов бастаған делегация Қызылорда облысына жұмыс сапармен келді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысының әкімі және жергілікті бизнес-қауымдастығының қатысуымен Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев аймақта жүргізіліп жатқан шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ауқымды жұмысты атап өтті.

«Сыр өңірінде облыс әкімдігі және әкімі тарапынан атқарылған үлкен жұмысты атап өткім келеді. Бүгін Елбасы да «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңесінің отырысында Қызылорда облысының бірқатар сала бойынша, оның ішінде, жер мәселелерін электрондық форматқа көшіріп, кәсіпкерлерге қызмет көрсету және кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын ашу және т.б. маңызды істерде жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Бүкіл республика бойынша еңгізуге тұрарлық озық тәжірибелеріңіз үшін Өзіңізге және командаңызға алғысымды білдіремін», - деді Тимур Құлыбаев Қырымбек Көшербаевқа.

Өз кезегінде, облыс әкімі аймақта жаппай кәсіпкердікті дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, кәсіпкерлер Палатасының басшылығына жергілікті билік бастамаларын қолдау үшін ризашылығын білдірді.

«Біз 2018 жылды Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялап, тиісті Жол картасын әзірледік және барлық қаржыландыру көздерінен 32 млрд теңге жинақтап, оның 3 млрд теңгеге жуығын стартап-жобаларына қарастырдық. Мемлекеттік бағдарлама аясында қаржы бөлінуін күтпей-ақ, облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөліп, Өңірлік инвестициялық орталыққа орналастырдық. Өйткені онда екінші деңгейлі банктерге қарағанда пайыздық мөлшерлеме қолжетімді, кепіл мүлік және несие беру саясаты ыңғайлы әрі ақша қайтарымдылығы жоғары. Одан бөлек, микробизнеске қайтарымсыз грант беру мақсатында 200 млн теңге бөлінеді. Қазірдің өзінде 800-ге жуық өтінім түсіп, комиссия қарауында. Комиссияның құрамында Өңірлік кәсіпкерлер палатасының 4 өкілі бар, сондықтан шешім әділетті қабылданатын болады деп ойлаймын», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, кеңес отырысында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен өңірлік кәсіпкердер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов баяндама жасады және бизнесті қолдаудың өзекті мәселелері мен дамыту перспективалары талқыланды.

«Атамекен» ҰҚП басшысы жергілікті инвестордың қаражаты есебінен салынған «Prima Park» бизнес-орталығының жұмысымен танысты. 8 қабатты бизнес-орталықтың ғимаратында 32 бөлмелі қонақ үй және арендалық бөлмелер орналасқан. Ғимарат ішінде коворкинг орталығы мен «open-space» түріндегі 80 және 30 орындық екі конференц-зал қарастырылған. Кешен жылдамдығы жоғары интернет пен ағылшын және қытай тілдеріне ілеспе аударма жүйесімен қамтылған.

Сапар барысында делегация мүшелері Қызылорда қаласының сол жағалауында салынып жатқан «Smart City Qyzylorda» нысандарымен танысты. Жаңа қалада 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайта беру туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық атқару комитетінің бұрынғы ғимараты архивтегі сызбалар бойынша қайта салынған Рухани жаңғыру орталығы салынды. Қазіргі таңда мұнда 18 көпқабатты тұрғын үй салынып, қала күніне орай пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, мұнда 320 орындық балабақша, «Болашақ» университетінің студенттер қалашығы, жастар ресурстық орталығы, емхана, Неке қию сарайы мен өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы салынуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер