BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«ҚазТрансГаз Аймаққа» 1 млрд теңге айыппұл салынды

«ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясына нарықтағы басымдылығын пайдаланғаны үшін 944,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сәйкес, компанияның коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік тұтынушылардан тауарлық газ көлемін деңгейіне толтыра алмағаны үшін ақшалай айыппұл салып отырғаны анықталды.

«Айыппұл экономикалық немесе технологиялық негіздергі сай салынбаған және тұтынушыларға кемсітушілік сипатта болған», - деп хабарлайды комитет.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті аталған фактіге сәйкес әкімшілік іс қозғалғанын және іс материалдары сотқа жіберілгенін мәлімдеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер