BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Қарағандылықтар тиімді жолмен баспана алу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр

Фото: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» клиентеріне қолжетімді сомада ипотекалық несие ұсынып, тиімді жолмен баспаналы болудың бірнеше бағдарламасын ұсынады. Соның бірі – «Өз үйім» бағдарламасы. Аталған бағдарлама арқылы банк тұтынушылары пәтерді жекеменшік құрылыс компаниялары салған үйлерден сатып ала алады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшыларды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында әзірлеген «Өз үйім» бағдарламасы – қаржылық ұйымның жеке бағдарламасы. Ол банк клиенттеріне бірегей шарттармен жаңа үйлерден пәтер сатып алуға мүмкіндік береді.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басты мақсаты – салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Клиенттеріміздің мемлекеттік бағдарламамен ғана емес, жекеменшік құрылыс компанияларынан да пәтер сатып алуға мүмкіндіктері бар. Осы бағытта банк «Өз үйім» бағдарламасы аясында бірқатар құрылыс компанияларымен келісімге келді. Бұл бағдарламаның артықшылықтары көп. Біріншіден, ол нарық құнынан төмен бағамен баспана ұсынады. Екіншіден, бағдарламаға кез келген адам қатыса алады. Бүгінгі күні біз аталған бағдарлама бойынша Қарағанды қаласында 7 нысанды ұсынып отырмыз. Жайлы пәтерге ие болғысы келетін банктің салымшылары өздеріне ұнаған тұрғын үй кешенінен пәтерді таңдап, несиеге өтініш беріп, уақытылы төлем жасауға қабілеттілігін растап, құрылыспен айналысушы компаниямен келісім-шарт жасасуы керек. Байқауға қатысудың және нәтижесін күтудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, салымшының атында басқа үйдің бар-жоқтығы және қанша үй сатып алайын деп жатқаны маңызды емес», - дейді ТҮҚЖБ-нің Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары Қуат Төлеуханов.

Аталған бағдарлама аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Қарағанды облыстық филиалы «СК Құрылыс Қарағанды» ЖШС-мен келісімге келген. Осы құжат аясында компания Тәттімбет 5/5 мекен-жайында орналасқан тұрғын үй кешенін салды. Бұл үйде үш бөлмелі 23 пәтер бар. Пәтерлердің бір шаршы метрінің құны 210 мың теңге көлемінде болмақ.

«Өз үйім» бағдарламасы арқылы пәтерге ие болғысы келетіндердің шотында үйдің 20% бастапқы құны болса жеткілікті. Салынып жатқан нысаннан пәтер таңдау мүмкіндігі қарастырылған. Бағдарламаға қатысушылар салық жеңілдігін ала алады. Үй сатып алынатын жерде тіркеуде тұру міндетті емес. Несиелендіру мерзімі 25 жылға дейін», - дейді Қуат Төлеуханов.

Фотолар: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер